URKER-2021 бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін URKER-2021 ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.

Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты 2021 жылдың 17 мамырынан 15 маусымына дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

Өтінімдер 11 номинация бойынша қабылданады, оның ішінде биыл ұйымдастырушы комитет Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал бойынша арнайы номинацияны енгізді. 

Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына енген кәсіби журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және Әзербайжан мен Германияның халықаралық медиа-сарапшылары жұмыстарды бағалайтын болады.