426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері пайда болды

  • 121
  • UPD: 10:13, 18.05.2021
Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері пайда болды Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Алғашқы эскиздер пайда болды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы – саксофонмен бейнеленген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұған дейін үздік эскиз-идеяға байқау жарияланғанын хабарлағанбыз.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында – оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс» арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бүгін, яғни 18 мамырда, композитор 59 жасқа толар еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар бүкіл елді, миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.

Хабар 24 телеарнасы