Imanbek 50 Cent-тің композициясына ремикс жасады

Саунд-продюсер американдық рэпердің In Da Club әнін таңдаған.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Британиялық достарым, локдаунның аяқталуына орай сендерге сыйлығым бар – классикаға эксклюзивті ремикс», – деп жазды музыкант.

Жуырда ғана «Грэмми» сыйлығына ие болған ақсулық өнерпаз жалғыз ғана хиттің жұлдызы болмайтынын айтқан.

Иманбек танымал әнші Шон Полмен бірлесіп шығарған жаңа тректі ұсынды.