Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды

«Қазақстанның Еңбек ері», қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазушы отандық әдебиет қана емес, тұтас экономика саласының дамуы мен ядролық қарудан бас тартуы жолында зор үлес қосты. Шығармашылық ортада оны «Адамзаттың ақыны» деп те атайды. Мерейтой иесі өр рухты өлеңдері арқылы тұтас әлемді бейбітшілікке шақырып, береке-бірлікке үндеді. Олжас Сүлейменов әр жылдары Жазушылар одағын басқарды, мемлекеттік киноматография мекемесіне жетекшілік етті. Сондай-ақ Жоғары кеңесте депутат болып, бірқатар мемлекетте Төтенше және өкілетті елші қызметін атқарды. Ал 1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысына бастамашылық етіп, ядролық қару сынағына жаппай тыйым салу жөніндегі құжаттың қабылдануына себепкер болды. Бұл келісімге әлемдегі көптеген мемлекет мүше. Олжас Сүлейменов 2016 жылы отандық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленді.