Б.Шүкеновке ескерткіштің елорданың қай жеріне қойылатыны айтылды

Батырхан Шүкеновке елордада ескерткіш орнату байқауына әзірге 30 өтініш түсті. Қазіргі уақытта сәтті шыққан эскиздер іріктеліп жатыр. Байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Конкурс аяқталғаннан кейін мүсіншілер ұсынған барлық эскиз қала тұрғындарына көрсетіледі. Жеңімпаздар жалпы дауыс беру арқылы анықталады. Ескерткіш орталық саябақтағы амфитеатр алдындағы аллея аумағына орнатылатынын айта кету керек.

Еске сала кеткен жөн, бүгін Батырхан Шүкеновтің туған күні. Музыкант, композитор арамызда болғанда 59 жасқа толар еді.

Елнар Базыкен, қалалық урбанистика орталығының басшысы:

- Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жобасы демеушілік қаржы есебінен жүзеге асырылады. Өз еркімен қолдауға ниет білдірген меценаттар бар. Мүсін орталық саябақ арқылы амфитеатрға барар жолда оң жақтағы жаяу жүргіншілер аллеясына орнатылады.

Сондай-ақ...