425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде «Рухани қазына» байқауы басталды

  • 319
  • UPD: 00:02, 19.05.2021

Көкшетауда мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» байқауы бастау алды.

Биыл фестивальге еліміздің он бес өңірінен 313 өтініш түскен. Оның 64-ін мемлекеттік музейлер, 80-ін мәдени-демалыс ұйымдары, 169-ын мемлекеттік кітапханалар жіберген. Бұдан бөлек «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында кітапхана қызметіне басымдық беріліп, арнайы номинациялар тағайындалды. Былтырдан бері «Рухани қазына» республикалық фестивалі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізіліп келеді. Байқау 3 күнге жалғасады.

Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Балалар әдебиетінің өкілдеріне, кітапхана ісі мамандары мен үздік әдебиет және өнер музейлеріне арнайы жүлделер мен Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ыбырай Алтынсарин, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы номинациялар тағайындап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы