427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әділ Ахметовтің зерттеуге толы кітаптары жарық көрді

  • 257
  • UPD: 18:50, 19.05.2021
Әділ Ахметовтің зерттеуге толы кітаптары жарық көрді

Қазақ оқырмандарына Әділ Ахметовтің тың туындылары жол тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері бірден үш кітабын жарыққа шығарған. Бұл «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары», «Ғасыр ғибраты» және «Бұрынғы америкалық үндістердің алтайлық тегі» атты екбектер. Ұзақ жылғы зерттеулер, ғылыми мақалалар ұрпаққа тағылым берері анық. Әділ Ахметовтің айтуынша, америкалық үндістер осыдан 40 мың бұрын Алтай өңірінен жермойнақ арқылы атамекеніне көшіп барған екен. Генетикалық талдаулар да мұндай тұжырымды растап отыр.

Әділ Ахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Екі мыңның үстінде, Америкалық үндістердің тілдері сондай көп. Солардың ішінде жазу-сызуы бар бір-ақ тіл ол – мая тілі. Мая тілін мен зерттедім, ол жерде біздің тау мен төбе жүр. Бақалар деген көл жүр. Бірден беске дейінгі сан есім жүр. Мен бас-аяғы 360 сөз таптым.

Хабар 24 телеарнасы