Атырауда YEMAA заманауи мәдениет орталығы ашылды

Жаңа орталық мәдениет, әдебиет, поэзия, бейнелеу өнері, музыка, ғылым, кино секілді салаларға баса назар аударады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қала тұрғындары мен қонақтары өнер адамдарының әлемімен осы жерде танысуға мүмкіндіктері бар. Мұнда семинарлар мен кино-көрсетілімдер өткізуге арналған көрме залы, қыш ісі, кофехана, шағын кітапхана орналасқан. Орталық инклюзивтілікке және қоғаммен байланысқа басымдық беріп отыр. Ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған көрмеге әр түрлі өнер мектептерінің өкілдері мен ұлттық және халықаралық жобалардың қатысушылары, сондай-ақ көптеген конкурстардың жеңімпаздары шақырылған.

Сырлыбек Бекболатов, суретші:

– YEMAA деген Атырау халқының жиі пайдаланатын сөзі ғой. Соның негізінде ашылған. Осында заманауи көрме өткізіп жатырмыз. Мынадай кішкене қалада бір ғана мемлекеттік музей болады. Оның өзі жұмыс жасауы әлсіз болады. Өзіміздің шығармашылық жұмыстарымызды алып келіп, осындағы көрерменге көрсетейік, өзімізді таныстырайық деп. Карантиннен кейін ашылып жатқан бірінші көрмеміз деп айтуға болады.