Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу дөңгелек үстелі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Онда белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен профессорлар қатысты. Жиналғандар Темірбек Жүргеновтың қазақ өнері мен әдебиетіне, мәдениетіне және білім саласына қосқан зор үлесін дәріптеді.

Бауыржан Иманғалиев, филология ғылымдарының кандидаты:

– Қазақтың тарихында бұл 30 жылдары үлкен әріппен айтылатын кезең, өйткені елім-жерім деп өткен асыл алаш қайраткерлері осы болашақ тәуелсіздікті аңсап, үлкен еңбектер жазған.