«Қыз Жібек» кинотуындысына 50 жыл толды

Ұлтымыздың төлқұжатына айналған атақты режиссер Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» кинотуындысына биыл 50 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерейтой аясында қазір деректі фильм түсіріліп жатыр. Оған ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мұрындық болып отыр. Қыз Жібектің даңқына қылау түсірмей келе жатқан Меруерт Өтекешова ширек ғасыр бұрын таспаланған киноның түсірілім барысын әлі де сағына еске алады.

Айман Мұсақожаева, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры:

– Осы фильмді балалық шағымда көретінмін. Мен үшін Қыз Жібектің әдемі бейнесі кіршіксіз таза. Оның образы Құман Тастанбековпен ерекше үйлесім тапты. Қос ғашықтың сұлулығы біздің буынды таң қалдыратын.

Меруерт Өтекешова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

– Түсірілім қиын болды, бір жылдай түсірдік. Атқа мініп шабу ең қиыны. Соған қарамастан мен үйрендім. Маған ат берсең, қазір де шабамын осы жасқа келіп.