Павлодар облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын зерттеу қолға алынуда

Қазақ халқының басына түскен нәубеттен Павлодар облысында 810 адам атылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын зерттеу қолға алынып отыр. Павлодарда Қазақстан Халқы Ассамблеясының саяси тұтқындардың өміріне арналған жобасы аясында форум өтті. Конференцияға репрессияға ұшырап, кейін ақталған азаматтардың ұрпақтары қатысты. Мыңдаған адам түрлі айыптаулармен қудалауға түсіп, туған жерінен жырақтаған. «Жиынға қатысушылар осынша қайғы-қасірет әкелген зұлмат жылдар әлі толық зерттелмеді», дейді.

Марат Әзілханов, ҚХА Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Бұл әлбетте өте нәзік және өте күрделі зерттеулерді талап ететін жұмыс. Өйткені әр адамның әр құрбанның артында үлкен тарих жатыр. Оның бәрін зерттеу керек, зерделеу керек. Қазір енді ол мемлекеттік комиссияның нәтижелері қортындылану үстінде. Оны енді бөлек комиссия мүшелері арнайы халыққа жекізетін болады.