Өскеменде Шәкәрімнің бюсті орнатылды

Өскеменде Шәкәрім Құдайбердіұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақын әрі ойшылдың мүсіні қаладағы №1 мектептің алдына қойылды. 1965 жылы ашылған білім ордасына 5 жыл бұрын Шәкәрім есімі берілді. Ұлы тұлғаның бюсті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай демеушілер көмегімен жасалды. Бұл – Алаш ардақтысының Өскеменде қойылған алғашқы кеуде мүсіні. Туындының авторы – тарбағатайлық мүсінші Еркебұлан Жәкішев. Жалпы бүгінгі тарихи датаға орай Өскеменде 10-нан аса шара өтті. Оған алаштанушы ғалымдар қатысты. 

Қалқаман Сарин, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– Бұндай шаралар ашылумен ғана емес, соның тарихи мазмұнымен, оның келер ұрпаққа берер танымымен тағылымымен маңызды. Сондықтан дер кезінде ашылып отыр.