Жанкүйерлер Димаштың туған күніне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шетелдегі жанкүйерлері сүйікті орындаушысының туған күніне арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шетелдік фан-клубтар көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жақсы әдетке айналдырмақшы.

Клер Мабир Ля Кай, Франциядағы Димаш Құдайберген фан-клубының президенті:

- Әлемде ең ірі күштің бірі қайырымдылық. Менің ойымша, бұл бала осындай қасиетке ие. Өйткені ол адамдарды біріктірді. Біз Димаштың арқасында өзге адамдарға көмектесуге ынтызарымыз артып, ізгі істерді бастадық.

Катрин Сезий Де Мазанкур, Димаш Құдайберген фан-клубының мүшесі:

- Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің. Димаш бізге Қазақстанды ашып ғана қоймай, бүгінде Францияда жоқ ізгілік пен мейірімділікті көрсетті.  Мен сіздің елде 2 жыл бұрын болған едім. Адамдардың ақ ниеті мен қонақжайлығын бойыма сіңіріп қайттым.

Димаштың француз жанкүйкерлері Ақтөбедегі Аяла сауықтыру орталығына кітаптар мен жиһаз сатып алуға қаражат жинап берді. Әншінің шығармашылығын қадір тұтушылар өткен жылы да осы орталыққа оттегі жинақтағышты тарту еткен еді. Қазір бұл орталықта 200 бала ем алып жатыр.

Гүлнәр Мәмбетжанова, сауықтыру орталығының бас дәрігері:

- Балаларды қорғау күніне сыйлықтары келіп қуанып жатырмыз. Осымен қатар Димашқа үлкен рахмет айтамыз. Осындай шапағатын бүкіл әлемге жайып оның ішінде өзінің кіндік қаны тамған өлкесі қаласы Ақтөбеге игілік іс жасап жатқандары үшін үлкен рақметімізді айтамыз.