Алматыда күйші Қаршыға Ахмедияровқа арналған мемориалды тақта ашылды

Алматыда белгілі күйші-композитор, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаршыға Ахмедияровқа арналған мемориалды тақта ашылды.

Өмірінің соңғы 15 жылында дарынды күйші Зейін Шашкин көшесінің бойындағы үйде тұрды. Ол қазақ халқының атақты күйшілері Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей мен Динаның шығармаларын орындап, өзі де керемет мұра қалдырды. Қаршыға Ахмедияров ғұмырында 60 күй шығарды. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінде 30 жылға жуық еңбек етті, профессор атанып, шәкірт тәрбиеледі. Көзі тірі болғанда күйші биыл 75 жасқа толар еді.

Медет Қуанышев, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің директоры:

- Құрманғазы оркестрінде 26 жыл еңбек еткен. Құрманғазы оркестрінің ашылуында Қали Жантілеуов болса, одан кейін Рысбай Ғабдиев болса солардың жолын жалғап міне үшінші Құрманғазы оркестрініде бас концертмейстер болған Қаршыға Ахмедияров болатын. Осы Құрманғазы оркестріндегі домбырашылардың барлығы сол кісінің шәкірті десек болады. Артына өшпес мұра қалдырған. Біраз күй жазған кісі.