«Біржан-Сара» операсы жаңаша сахналанады

Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» қойылымы жаңа бағытта көпшілікке жол тартады.

«Астана Опера» театрының артистері туындыны жаңаша сахналайды. Классикалық өнерсүйер қауымға «Біржан-Сараны» қоюшы режиссер Асхат Маемиров ұсынады. 3D-технологиялар өткен ғасырларға жетелейді. Қойылымда қазақтың қолөнершілері, сақа саудагерлері, бүркіт пен жылқыны серік еткен серілер бой көрсетеді. 

Әсем Сембинова, «Астана Опера»театрының солисі:

- М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы мен үшін үлкен жетістік. Өйткені өзіміздің қазақ опералары көбірек қойылсын деген тілектемін. Алтынай ролін ойнаймын осы «Біржан-Сарада». Алтынай негізі болыстың қызы Жанбота деген. Өзі ерке қыз. Еркекшора. Жалғыз болғандықтан еркелеп жүреді. Және Біржан салға ғашық болады.