Елордада «Ұлы Далаға қош келдіңіздер!» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ұлы далаға қош келдіңіздер!» Альфред Бреммен бірге Қазақстанда» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге фотограф Фолькер Крейдлер мен журналист Ина Хильдебрандтың жұмыстары қойылған. Сондай-ақ неміс ғалымы Альфред Бремнің Батыс Сібірге жасаған саяхаты туралы мағлұмат алуға болады. Неміс ғалымының арманы Қазақстанда жүзеге асқан сияқты. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Тило Клиннер, Германияның Қазақстандағы Елшісі:

- Көрмеде тек неміс ғалымының қазақтың даласын көріп кеткені туралы ғана емес. Құстардың, жан-жануарлардың әлеміне биологиялық тұрғыда зерттеу жасағанын көруге болады. Биологтар үшін қазақ жері өте ерекше және де 200 жыл бұрын неміс ғалымының табаны бұл жерге де тигені біз үшін өте қызық.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық музейінің директоры:

- Германия мемлекетінің Елшісі мақтанышпен айтып жатыр, Альфред Бремнің сол кездегі арманын қазақ мемлекеті киіктің санын бірнеше есе көбейткенін дәлелмен айтып жатыр. Әрине Қазақстанның қазіргі жетістігінде біздің көрмеден көре аласыздар.