Golden Time Talent фестивалінде топ жарған қазақ домбырашылары жаңа жүлдеге ие болды

Golden Time Talent фестивалінің жеңімпаздары, елімізге белгілі домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз жаңа жүлде иеленді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біз Bridge TV арнасының «Үздік инструментал дуэт» жүлдесіне ие болдық. Сонымен қатар шілде айында Түркияда жеке концертімізді өткізге шақырту алдық»,- деп жазды домбырашылар.

Темірлан мен Ернат пандемия басталмай тұрып, Түркиядағы гала-концертте өнер көрсеткен болатын. Ұйымдастырушылар премияның шешімін шығарып, статуэтканы Қазақстанға жолдаған еді.