424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл күзде Алматы облысында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы аталып өтпек

  • 123
  • UPD: 15:35, 20.06.2021
Биыл күзде Алматы облысында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы аталып өтпек

Биыл күзде Алматы облысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы аталып өтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде мерейтойға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осыған дейін ақынның кіндік қаны тамған Қарасаз ауылындағы мәдениет үйі мен музейі ағымдағы жөндеуден өтті. 1600 ден аса жәдігер сақталған мұражайдың іші жаңартылды. Сонымен қатар ауылға ауыз су тартыла бастады. Елді мекен көшелеріне асфальт төсеу жоспарланып отыр. Жарықшамдар да орнатылмақ. Ал, Райымбек ауданының орталғы Нарынқолда екі бірдей саябақ ашылып, «Мен таулықпын» деп жырлаған тұлғаның ескерткіші орнатылады.

Нұржан Құдайбергенов, Райымбек ауданының әкімі:

- Ескерткіш құрылысының 30%-і бітті. Сонымен қосымша ескерткіштің төңірегіндегі абаттандыру жұмыстары жасалып отыр. Толығымен ескерткіштің өзі абаттандырылуы тамыздың отызына дейін аяқталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы