Тбилисиде алғаш рет кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Шараны кітапсүйер қауым асыға күткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен 2019 жылы ЮНЕСКО Тбилисиге Дүниежүзілік кітап астанасы дәрежесін берген болатын. Бұл мәртебеге ие болған шаһарлар жыл бойы ғылыми-білімдік, ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыруға тиіс. Алғашқы кітап көрмесінде шамамен кітап пен кәдесыйлық тауарлардың сатушылары қатысты. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін тағы осындай 3 шара өткізбек ниетте.

Ника Эсебуа, «Тбилиси – дүниежүзілік кітап астанасы» жобасының үйлестірушісі:

- Пандемияның кесірінен біраз жоспар жүзеге аспады. Өткен жылы кітап фестивалі кейінге шегерілген еді. Бүгінгі шараға қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың. Жыл соңына дейін әлі талай іс-шара өтеді. Қазір интерактивті кітаптар әзірленіп жатыр. Ай соңында кітапқұмар жандар мен көру қабілеті төмен тұрғындар үшін аудиокітаптар шығады.