«1941 жылдың жазы» фильмінің түсірілімі аяқталды

Беларусьте «1941 жылдың жазы» деп аталатын отандық фильмнің түсірілімі аяқталды.

Бұл туынды соғыс жылдары Беларусь аумағындағы фашистердің шабуылын табандылықпен тойтарған қазақ батырларына арналған. Оның ішінде партизан отрядын басқарған Әди Шәріповтың жауынгерлік жолы көрсетіледі. Төл туындының тұсаукесері биыл желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Айта кетейік, фильм кезінде қиян-кескі ұрыс болған жерлерде түсірілген.

Тасболат Меретенов, «1941 жылдың жазы» фильмінің Бас продюсері:

– Қазақстанда мұндай жерлер жоқ. Өйткені оқиғаның өзі Беларусьте болған. Сондықтан, фильмді осы елде түсіргенді жөн санадық.