423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Жеңіс жалауы» спектаклінің тұсаукесер рәсімі өтті

  • 166
  • UPD: 15:36, 23.06.2021

Әскери драма жанрындағы қойылым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен полиция күніне орайластырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскелең ұрпақтың руxын жанитын шығарма Ұлы Отан соғысының қаһарман батыры, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін баяндайды. Спектакль барысында соғыс жылдарындағы әндер де шырқалады. Бұдан бөлек, қазақтың тағы бір батыр ұлы Бауыржан Момышұлының тарихи шындық үшін күрескені, нақты айтсақ, Рахымжан Қошқарбаевқа «Кеңес Одағының батыры» атағын беру мәселесіне белсене араласқаны да айтылады.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біз бүгін ҚР Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің қасынан жаңадан ашылып жатқан театрдың бірінші премьерасындамыз. Бұл премьераның аты «Жеңіс күні» және бұл спектакльдің басты кейіпкері Рейхгстагқа Жеңіс туын тіккен өзіміздің отандасымыз ардагеріміз Рақымжан Қошқарбаев болады.

Хабар 24 телеарнасы