«Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Президент сыйлығына ие болды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың арнайы сыйлығына «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Вера Захарчук лайық деп танылды.

«Захарчук Вера Николаевнаға – «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы тапсырылсын», – делінген.

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ БАҚ өкілдері арнайы сыйлықпен марапатталды.