Қ.Тоқаев: 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми бекіткен жөн

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

Құттықтауында ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала, «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын жеткізді.

Президент сонымен қатар бірқатар БАҚ өкілін арнайы марапаттады. Оның ішінде «Хабар 24» арнасының қызметкері Вера Захарчук отандық тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.