Сенатта «Аманат» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары күні қарсаңында Сенатта журналистер арасындағы «Аманат»байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарды жеңістерімен және кәсіби мерекелерімен құттықтаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пандемия кезінде журналистер мен басқа да БАҚ қызметкерлерінің рөлі асамаңызды болғанын атап өтті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында қазақстандықтар елдегі ахуалды, індетпен күрес барысында қолға алынған шараларды, мемлекеттің дамуы жолында қабылданып жатқан аса маңызды заңдарды дер кезінде біліп отырды.

«Пандемияға және қабылданған шектеулерге байланысты биыл екінші жыл қатарынан журналистер қиын жағдайда жұмыс істеуде. Соған қарамастан сіздер кәсіби біліктіліктің биігінен көрініп, азаматтарымызды маңызды ақпараттармен дер кезінде таныстырып, өзекті мәселелерге арналған репортаждар мен сараптамалық материалдарыңызды уақтылы жариялап келесіздер. Осындай белсенділіктеріңіз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз», деді Сенат төрағасы.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қазақ радиосының 100 жылдығына орай 1 қазанды ресми түрде «Радио қызметкерлерінің күні» ретінде жариялауды ұсынғаның айтты.

Биыл байқауға 100-ге жуық жұмыс келіп түсті. Қатысушылар арасында телеарна, радио, газет, ақпараттық порталдар және басқа да БАҚ тілшілері бар.

«Байқауға ұсынылған барлық материалдар жоғары кәсіби деңгейдегі жұмыстар. Арнайыкомиссиясы олардың арасынан ең үздіктерініріктеп алды. Барлық жеңімпаздарды бүгінгі жеңістерімен құттықтаймын», деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы биыл байқауға белгілі қазақстандық журналистер Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеев атындағы екі жүлде қосылғанына назар аударды.

«Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеев отандық журналистиканың дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер еді. Оларталантты журналист қана емес еліміздің нағыз патриоттары болды. Нұртілеу аға мен МихаилДорофеевтің жарқын бейнелері әрқашан біздің жадымызда сақталады. Олардың еңбекке деген адалдығы, кәсіби шеберлігі және мол тәжірибесіжас журналистер үшін әрдайым үлгі-өнегеболып қала беретіні сөзсіз. Сенат тағайындаған арнайы жүлделер осы бағытқа да өз ықпалын тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

 

«АМАНАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 

Үздік телевизиялық материал Индира Жылқайдарова («Хабар» телеарнасы) және Светлана Пенькова («Первый канал «Евразия»);

Үздік радиоматериал Дулат Әбибуллаев(«Qazaq radiosy»);

БАҚ басылымдарындағы үздік жарияланым«Атырау» газетінің ұжымы және Оксана Скибан(«Литер» газеті);

Интернет-басылымдағы үздік жарияланым –Марлан ЖиембайҚазАқпарат» ХАА) және Евгений Федотов (Kazpravda.kz);

Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым Нартай Аралбайұлы;

«Тәуелсіздікке 30 жыл» – ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы туралы үздік материал Жолдыбай Базаров («Егемен Қазақстан» газеті) және «Хабар 24» телеарнасының ұжымы;

Нұртілеу Иманғалиұлын есте қалдыруға арналған «Қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығы Жайна Сламбек(«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы);

Михаил Дорофеевті есте қалдыруға арналған «Үздік аналитикалық материал үшін» сыйлығы –Юрий Масанов (Kursiv.kz);

Парламенттік журналистиканың дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы жүлде - Эльдар Нуруллин («Экспресс-К» жаңалықтар порталы).