Ертең «Хабар» телеарнасында «Штрихи к портрету. Лидер» фильмі көрсетіледі

1 шілдеде сағат 21:30-да «Хабар» телеарнасының эфирінде «Штрихи к портрету. Лидер» фильмі көрсетіледі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twtter парақшасында жазды.

«Бұл – Елбасының баспасөз қызметі мен журналист А.Әділованың Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арнаған бірлескен деректі жобасының жалғасы», - деді.