Ұлттық домбыра күні қарсаңында Павлодарда ерекше көрме ұйымдастырылды

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Павлодардың Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде ерекше көрме ұйымдастырылды.

Музей қорында сақталған  20-ға жуық домбыра көрермен назарына ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыры кетсе де сыны кетпеген көне аспаптардың тарихта аты қалған танымал тұлғалардың  серігі  болғанын келешек ұрпақ білуі тиіс. Құнды жәдігерлер қатарында әнші, домбырашы Байғабыл Жылқыбаевтың, қазақ кино өнерінің майталманы Кәукен Кенжетаевтың, әнші Жабай Тоғандықов, ақын Мұзафар Әлімбаев пен Нұтфолла Шәкеновтың, жазушы Мейрам Асылғазинның домбырасы бар.

Мейрамғали Есмұқанов,  Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері:

- Қазақтың жаны, қазақтың көзі, бұрыннан келе жатқан серігі болғанын біз тарихтан білеміз. Домбыра қазақ халқының жаңағы асыл мұраларының бірі. Бүгінгі күнде осы музейіміздің қорында сақталған, осы домбыра күніне орай осы жерлес ақын-жазушыларымыздың өздері қолданған домбыраларын көрмеге қойып отырмыз.