Қазақстанда комикс жасап, иллюстрациялық сурет салушылар көбейген

Ел жастарының анимациялық фильмдер мен мультипликациялық туындыларды жасауға қызығушылығы. Кейінгі жылдары Қазақстанда комикс жасап, сан алуан тақырыпта иллюстрациялық сурет салушылардың саны көбейген. Бүгін Алматыда суретшілер мен безендірушілердің жәрмеңкесі өтті. Оған 30-дан астам автор қатысты. Жәрмеңкеде көпшілікке комикс жанрында түсірілген «Кенже қыз» атты анимациялық сериалы таныстырылды. 

Өнерлі жастар «Кенже қыз» атты аннимацяилық туындыны  осыдан екі жыл бұрын қолға алыпты. Ол балаларға арналған қиял-ғажайып ертегі сериалы. Ұлттық дәстүр мен мифологияға негізделген сериалдың тәлім-тәрбиелік мағынасы бар. Комикс жанрында жасалған сериал мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Биыл қыркүйек айында жарыққа шығады.   

Иван Ардашов, анимациялық фильм режиссері:

- Қазір анимациялық контент өте маңызды деп санаймын. Өйткені анимация қоғамның барлық саласына еніп жатыр. Жастар оны жеңіл қабылдайды. Біз бұл өнімді Ресейдің Суздаль мен Францияның Ланс қаласына көрсетілімге апарғанымызда ол жақта фильмге деген сұраныстың болғанын байқадық.

Жәрмеңкеде қарындашпен, қылқаламмен және цифрлық баспа арқылы салынған мыңдаған сурет ел наразына ұсынылды. Жалпы иллюстрация дегеніміз белгілі бір шығармаға арналып салынған суреттер. Бұл графика түрінде де кездеседі. Әлемдік комикс индустриясына еліміздің жас суретшілері де өз үлесін қосып келеді. Мысалы, Мәдибек Мұсабековтың «Алтын батыр», «Ермек», «Ерлік» сынды комикстері Еуропа елдерінде танымал екен.

Бекзат Мырзахметов, комикс авторы:

- Елімізде жобамыздың электронды нұсқасының жартысы ғана оқылады. Негізгі оқырмандарымыз Украина, Ресей, Латвия мен  Литва елдері. Біздің комикстерді солар сатып алады. Бұл комикстердің электронды тиражы 1 млн данаға жетті.

Қазір иллюстрациялық суреттер мен комикстердің желісі бойынша кино мен мултьфильмде түсіріп жатыр. Түрлі шарж бен карикатура, әзіл-оспақ пен  қоғамдағы өзекті мәселелерге салынған тақырыптық суреттердің құны 500 теңгеден 50 мың теңгеге дейін бағалануы мүмкін. 

Алмас Садуақас, Эдуард Кон