Қазақстандық туынды Лондонда «Үздік анимациялық фильм» атанды

Ұлыбритания астанасы Лондонда осымен үшінші рет өткізілген ECG кинофестивалінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еуразия елдерінің кино сайысында Ұлыбритания, Ресей, Беларусь, Қырым Республикасы, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Франция, Португалия, Қытай және Түркия мемлекетінен жалпы жиыны 46 фильм көрсетілді.

Лондонның қақ ортасындағы Premier Cinema кинотеатрында өткен марапаттау рәсімінде Мақсұт Сәрсембаев пен Мансұр Сәрсембаевтың «Hacked Future» («Бүлінген болашақ») атты қазақстандық фильмі «Үздік сценарий» аталымын жеңіп алды. Ал Ділшат Рахматулиннің «Серый гусь «Despair» туындысы «Үздік анимациялық филмь» атанды.

Тағы бір қазақстандық кинотуынды «Baluan Sholak» құрмет дипломымен марапатталды.