Мемлекеттік академиялық филармонияның ұжымы кеме сахнасында өнер көрсетеді

Есіл өзеніндегі пароходта мерекелік концерт өтті. «Есіл толқыны» атты кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті.

Елорда күніне орайластырылған ән-шашу жағалаудағы қала тұрғындары мен қонақтардың көңілінен шықты. Бағдарлама 7 шілдеге дейін жалғасады. Ертең мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымы кеме сахнасына шығады. Оның ішінде Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, халық әні, классикалық және эстрадалық вокал бөлімдері мен «Қорқыт» этно-ансамблі бар.