Жаз айларында «Астана Операда» өтетін концерттер тізімі

Шілде мен тамыз айларында «Астана Опера» Камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын вокалдық әрі аспаптық музыка концерттерінің мазмұнды бағдарламасы күтуде.

8 шілде сағат 19:00-де «PICCOLO» камералық театры танымал жобасы аясында италиялық маэстро Коррадо Вальвоның жетекшілігімен тыңдарман назарына Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» комедиялық операсы ұсынылады. Басты партияларда Figaro Opera Society қоғамының шақырылған солистері өнер көрсетеді. Норинаның бейнесін Либуше Санторисова (Чехия/Италия) сомдайды, Эрнесто – Эцуо Дои (Жапония), Малатеста – Алексей Шаповалов (Грузия/Ресей), Дон Паскуале – Антуан Бернхейм (Швейцария), Карлито – Ерұлан Кәмел.

А.Анеллидің «Сэр Марк Антонио» либреттосының желісімен либретто авторы – Дж.Руффини. «Астана Опера» театрының опера солистері, хоры, оркестрі, мимансы, спектакльдің музыкалық жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, қойылымның көркемдік жетекшісі – Алла Симонишвили, сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа. Режиссер – Еренбақ Тойкенов, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, жобаның техникалық директоры – Виктор Караре, жарық бойынша суретші – Сергей Кулак, опера труппасының директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.

14 шілде сағат 19:00-де «Жас дауыстар» концертінде қазақстандық әншілер – сопрано Ұлпан Әубәкірова мен баритон Азам Мәліктің орындауында батыс еуропалық композиторлардың ариялары мен дуэттері шырқалады. Бағдарламаға Дж.Вердидің «Фальстаф», «Тағдыр күші», «Трубадур», «Аида», «Бал-маскарад», Дж.Пуччинидің «Богема», «Турандот», «Манон Леско», «Вилли», В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы», Г.Доницеттидің «Дон Паскуале», У.Джорданоның «Андре Шенье», Э.Корнгольдтің «Өлі қала» операларынан көріністер, дуэттер мен ариялар, сонымен қатар Р.Вагнердің «Матильда Везендонктың бес өлеңі» вокалдық топтамасынан «Қиял» шығармасы енді. Опера жауһарларының аспаптық миниатюраларын «Астана Опера» оркестрінің әртістері Әсел Жақиянова (скрипка) мен Ботагөз Қалиева (виолончель) ұсынады. Фортепиано партиясында – Зәру Жазықбаева.

23 шілде сағат 19:00-де және 7 тамыз сағат 18:00-де «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» дәстүрлі концерттері өтеді. Камералық зал сахнасында дарынды қазақстандық жас музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары – республикамыздың жетекші шығармашылық білім ордалары мен шетелдің белді оқу орындарында, атап айтқанда, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Филадельфиядағы Темпл университеті (АҚШ), Брюссель Корольдік консерваториясы (Бельгия), Зальцбургтегі Моцартеум университеті (Австрия), Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы, Вано Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және т.б. жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер өнер көрсетеді.

Бірінші концертке Лаура Кулекешова (сопрано), Индира Мұсатаева (меццо-сопрано), Жанара Махмұтова, Диана Аблаева, Диана Мақажан, Гүлназ Мұхамбетуәлиева (скрипкалар), Жаннет Тұяқова (флейта) қатысады. Концертмейстерлер – Малика Аймақова, Динара Әбдірахманова, Зәру Жазықбаева, Вероника Чихний. Аталмыш кеште Л. ван Бетховен, С.Прокофьев, П.Таффанель, М.Вайнберг, П.Сарасате және т.б. сазгерлердің шығармалары шырқалады.

Екінші концертте Темірлан Бейсембай, Томирис Әли, Ілияс Өзбеков, Батырхан Сүлеймен, Әлия Асанова (фортепиано), Ален Мұсырғалиев, Жандос Мұхамеди (скрипкалар), сондай-ақ жас вокалистер Азиза Омарова (сопрано) мен Әлішер Сексенбаев (бас) өнер көрсетеді. Концертмейстерлер – Малика Аймақова, Сергей Васильев, Зәру Жазықбаева. П.Чайковский, Р.Шуман, C.Рахманинов, И.Брамс, М. де Фальи, Э.Элгар және т.б. композиторлардың туындылары орындалады.

27 шілде сағат 19:00-де «Бірге орындаймыз» аспаптық музыка концерті өтеді. Лейла Ахметова, Нәзікгүл Жаназарова (скрипкалар), Курванжан Ахатов (виолончель), Анара Камельинова (фортепиано) камералық орындаушылық өнерін паш етеді. Елордалық театр сүйер қауым назарына А.Пьяццолланың фортепиано, скрипка мен виолончельге арналған «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері», В.А.Моцарттың Скрипкаға арналған №3 концерті, соль мажор (І бөлім), Н.Бакридің скрипкаға арналған солосы Sonata Variata ор. 70 шығармалары ұсынылмақ.

18 тамыз сағат 19:00-де танымал аспапшылар Ержан Құшанов (флейта) пен Нұрболсын Төлеухан (бас-тромбон) «Ф-дан Т-ға дейін – From F to T» атты үрлемелі музыка кешінде өнер көрсетеді. Үрлемелі аспап музыканттарының орындауында классикадан бастап заманауи әуендерден тұратын сан алуан композиция: В.А.Моцарттың Оркестр мен флейтаға арналған Рондо ре мажор, Дж.Энескудің Флейта мен фортепианоға арналған Кантабиле және Престо, Ф.Пуленктің Флейта мен фортепианоға арналған соната, Э.Боззаның Бас-тромбон мен фортепианоға арналған New Orleans, А.Томазидің «Быть или не быть» (Гамлеттің монологы) шығармалары, К.Брубектің Бас-тромбон мен оркестрге арналған концерті шырқалады. Фортепиано партиясында – Ботагоз Айғалқаева, Гүлназ Қосаманова. Ержан Құшанов – Париж жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі, Ресей, Франция, Чехия, Жапониядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Қазіргі уақытта Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің солисі және топ концертмейстері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты. Нұрболсын Төлеухан – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі және магистранты, халықаралық байқаулардың лауреаты. Көрнекті музыкант, JuBand джаз оркестрінің негізін қалаушы әрі жетекшісі, Дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі (Нью Орлеан, АҚШ), М.Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Үндістан симфониялық оркестрімен (SOI) ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

26 тамыз сағат 19:00-де шетелдік музыканттардың қатысуымен «Шекарасыз музыка» концерті ұсынылады. Л. ван Бетховеннің Скрипка мен фортепианоға арналған №2 сонатасы, ля мажор, ор.12, И.Брамстың Скрипка мен фортепианоға арналған скерцо до минор (FAE сонатасынан), С.Прокофьевтің Скрипка мен фортепианоға арналған №2 сонатасы, ре мажор, Ор.94а орындалмақ.