Әлемнің тағы үш елінде «Abai uii» іске қосылады

Моңғолия, Ресей және Қырғызстанда «Абай үйі» мәдени-іскерлік орталығы жобасы іске қосылады.

Бұл жоба шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында жұмыс істейді. Өткен жылы «Абай үйі» Ресей, Өзбекстан, Түркия, Германия және Украина да ашылған. Ал дүниежүзінде бұдан бөлек 250-ге жуық Қазақ мәдени орталықтары бар. Сонымен қатар, әлемнің 12 елінде қандастарымызды ана тілінде оқытатын «қазақ тілі» сыныптары ашылған. Бейресми  мәліметтерге сүйенсек,  шетелде 5 млн-нан 7 млн-ға дейін этникалық қазақ тұрады.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:

– Қазіргі кезде шетелдегі БҒМ қолдауымен шетелдегі ағайынды қазақ тілін оқыту бойынша бір әмбебап құрал әзірленіп жатыр. Себебі латын, төте жазумен үйренген балалар кирилше үйрену өте қиын. Ол осы жылдың аяғына дейін болады мүмкін. Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы 1404 кез-келген бауырымыз хабарласып, көмек алса болады.