Үндістанда найзағайдан 70 адам ажал құшты

Үндістанда жай түсіп, 70 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті «Индия Тудей» сайтының хабарлауынша, құрбандардың жартысынан көбі Уттар-Прадеш штатында тіркелген. Сондай-ақ 23 адам Мадхья-Прадеш және қалған 7-уі Раджастхан штаттарының тұрғындары. Елдің премьер-министрі көз жұмғандардың жақындарына әлеуметтік желіде көңіл айтты. Полиция марқұмдардың басым бөлігі жастар екенін алға тартады. Билік құрбандардың отбасыларына 500 мың рупийден өтемақы төлеуге уәде берді. Бұл - біздің валютаға шаққанда 2 миллион 800 мың теңге. Ресми есепке сәйкес, былтырғы 1 сәуірден биылғы жылдың 31 наурызына дейін найзағайдан 1619 тұрғын қайтыс болған.

Сондай-ақ...