Мәскеуде «QAZAQ. Алтын адамның тарихы» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш президенті туралы деректі фильмнің алдын ала көрсетілімі өтті.

«QAZAQ. Алтын адамның тарихы» картинасында Нұрсұлтан Назарбаев осы туындыға продюсер болған атақты американдық режиссер Оливер Стоунға сұхбат береді. Сценарийі украиналық режиссер Игорь Лопатенок. Бас кейіпкер Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік алған сәттен бергі тарихын әңгімелейді. Сондай-ақ Елбасы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, ядролық қарудан бас тарту, Украинадағы дағдарысты реттеу бойынша Нормандия форматын құру және басқа да көптеген тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Авторлардың айтуынша, фильм Римдегі кинофестивальде де көрсетілмек. 8 эпизодтан тұратын телехикая теледидар арқылы шілде айының аяғында беріледі.

Павел Солодовников, көрермен:

- Ұят болса да айтайын, Қазақстан тарихы туралы көп білмейтінмін. Бірақ Кеңес одағы кезіндегі бүлік және басқа да маңызды оқиғалар туралы біраз қызық нәрсеге басқаша үңілдім. Бала кездегі кейбір жағдайлар есіме түсті.

Сондай-ақ...