Ұлттық ұлан өнерпаздары бүкіләлемдік байқауға қатысты

Башқұртстанда дәстүрлі өнер байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл оған әлемнің 37 елінен келген өнерпаздар қатысты. Қазақстан атынан Ұлттық ұлан ән-би ансамбілінің ұжымы өнер көрсетті. Ол бірнеше қойылым қойып, жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Өнер ұжымы «Қорқыт», «Мұнар күн» әндерін және түркі жауынгерлерінің «Ғасырлар үні» биін тарту етті. Ұландықтар мұндай байқауға алғаш рет қатысты. Осыған дейін Хабаровскідегі «Амур толқындары», Татарстандағы «Қазанның фанфары» сияқты ресейлік фестивальдарға, сондай-ақ Мәскеудегі «Спасск мұнарасы» іспетті ірі халықаралық байқауларға қатысып көрген.