423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Белгілі режиссер Болат Атабаев өмірден озды

  • 412
  • UPD: 20:55, 29.07.2021

Қазақ театр өнері қара жамылды.

70 жасына қараған шағында белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Манашұлы Атабаев дүние салды. Ол 1952 жылы Талдықорған облысындағы Тентек ауылында туған.

Неміс драма театрының және Әуезов атындағы қазақ драма театрының бас режиссері қызметін атқарды. «Ақсарай» театрының жетекшісі болды. Өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакль қоюмен бастады.

1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, қазақ өнерінде шоқтығы биік көптеген спектакльдер қойды. 2012 жылы Германия мен Қазақстан қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін Гете медалімен марапатталды.

Болат Атабаевтың жарқын бейнесі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы