425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан өзінің ұлттық жобалары мен брендтерін дамытуы тиіс – Е.Тоғжанов

  • 162
  • UPD: 16:03, 29.07.2021
Қазақстан өзінің ұлттық жобалары мен брендтерін дамытуы тиіс – Е.Тоғжанов primeminister.kz

Биылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен ұлттық брендтерді дамыту жөнінде онлайн-кеңес өтті.

Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты, аталған бағыттар бойынша жол карталарын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

«Қазақстан өзінің ұлттық жобалары мен брендтерін дамытуы тиіс, осы құндылықтар арқылы Қазақ елінің танымалдылығы артады. Бұл халықтың рухын көтеріп, қазақстандық бірегейлікті айқындайтын ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуда ел тұрғындарын бірігуге көмектеседі», – деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасы іске асырылуда. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы тарихи естеліктерге бай зияткерлік және рухы жоғары қоғамды қалыптастыру мен дамытудың пәрменді тетігі бола алады.

«Қазақ күресін» жаппай дамыту он жыл бұрын «Қазақстан Барысы» жобасын жүзеге асырудан басталды. Танымалдық деңгейінің артуы «Әлем барысы» және «Еуразия барысы» секілді халықаралық іс-шараларда байқалуда.

Бүгін «Қазақстан барысы» халық өнерін жандандыру және ұлттық ойындарды насихаттау бойынша өзіндік сайыс түрі болып қалыптасты. Жыл сайын турнирге 9 мыңнан астам жанкүйер, 2 млн-нан астам көрермен қатысады. Бұл жоба халықтың зор қолдауына ие болды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе қазақы Қазанат (Қостанайлық тұқым) жылқы тұқымын дамытуға қатысты болды. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер бетіне Ұлы даладан таралғаны тарихтан белгілі. Жаһандық деңгейде бұл шаруашылық және әскери салада бұрын-соңды болмаған жаңашылдыққа жол ашты.

Бүгінгі күні қазақы Қазанат (Қостанайлық тұқым) тұқымындағы жылқыларды қалпына келтіру мен сақтау бойынша жол картасы әзірленді. Тарихи ескерткіштер мен мәдениеттің мемлекеттік тізіміне «Патшалық жылқылар қоражайы» («Царская конюшня») ғимараттарын қосу және Қазанат тұқымындағы жылқыларды асыл тұқымдық сынау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы