Димаштың «Be With Me» бейнебаянын Еuropa Plus TV көрсетеді

30 шілдеде танымал ресейлік музыкалық Europa Plus TV телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны көрсетіледі.

Europa Plus TV телеарнасы 2011 жылдың 13 қаңтарында хабар тарата бастады. Ол тек танымал музыканың ең жақсы үлгілеріне және өз өндірісінің бағдарламаларына бағытталған, деп хабарлайды dimashnews.com.

Europa Plus TV эфирінің негізін әлемдік және еуропалық диаграммаларда жоғары орындарға ие хиттерге арналған музыкалық бейнелер, сондай-ақ «Еуропа Плюс» форматына сәйкес келетін танымал ресейлік орындаушылардың бейнелері құрайды.

Димаштың «Be With Me» бейнебаяны алғаш рет телеарна эфиріне 30 шілдеде Мәскеу уақыты бойынша 18:35-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:35-те) шығады.