Елордада тегін жылжымалы көрме ашылды

Ұлттық музейде «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты жылжымалы көрме ашылды.

Онда еліміздегі хас шеберлердің 70-ке жуық заманауи туындылары ұсынылған. Сондай-ақ бұрын-соңды көпшілікке беймәлім авторлардың жұмыстары да орналастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме өнерсүйер қауымның жүрегінен орын алатыны анық. 

Айта кетейік, келушілер жылжымалы шараға тегін кіре алады.