Абай шығармаларын шетелде де насихаттауымыз керек – Қ.Тоқаев

Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», - деп жазды.

Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні