Оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін құрастырды

Семейлік оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін балалар 3 мың рубик текшесін пайдаланған екен. Оқушылар Абай бейнесін құрастыруға 6 сағат жұмсағандарын айтады. Салмағы 450 келіге дейін жетеді. Абайдың портреті Семейдегі музейге қойылды. Келушілер оны тамыз айының аяғына дейін тамашалай алады.