Орта мектептерге абайтану оқулығын енгізу керек – ғалымдар

Абай мұрасын зерттеу мен зерделеуді кезең-кезеңмен қарастырған дұрыс. Сонда ғана ұлы хәкімнің мұрасы халыққа жақындай түседі. Қазір Абайтану саласында жазылған еңбек өте көп. Олардың барлығы – ғылыми негізде жазылған сүбелі шығармалар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан жалпақ жұрттың оқуына арналған негіздемесі керек. Ең дұрыс жол – орта мектептерге абайтану оқулығын енгізу дейді мамандар. Өскемендегі гуманитарлық университеттің ғалымдары мен өңірдегі білікті ұстаздар 5-8 сынып аралығында оқытылатын Абайтану оқулығы мен оның әдістемесі ретінде «Мұғалім кітабын» жазып шықты.

Университеттің 3 курсында оқитын Айым Бейсенқазықы, Абай шығырамаларын оқушы кезінен жата-жастана оқып келеді. Бүгінде 100-ден аса өлеңі мен 45 қара сөзін жатқа біледі. Түрлі ғылыми-конференция мен Абай оқуларын үзбей қатысып жүр. Болашақта хәкімнің қара сөздері негізінде ғылым жолына түспек.

Айым Бейсенқазықызы, студент:

- Қазіргі таңда Абай атамыздың қара сөздерін зерттеу, оқу, тереңнен тану өте қызықты. Қарасөздер бойынша жарыстарға қатысып, зерттеу жұмыстарын жасап жатырмыз.

Зерттеу жұмысымен ғана айналысып қоймай, Абайдың ағарту салысында айтып кеткен өсиетін нақты іске асыратын уақыт жетті. Яғни білім мен ғылым жолында мал аямастар ғана нәтижеге жетпек. Абайтанушы ғалымдар да осы бағытты ұстануы шарт.

Омар Жәлел, филология ғылымдарының кандидаты, доцент:

- Абайдың насихаттап отырғаны ол ғылым-білім жолы. Бірақ Абай айтады. Ол қандай ғылым дейді. Абай бізге суық ақылдың ғылымын ұсынып отырған жоқ. Абай бізге пайдалы ғылым алуды ұсынып отыр. Яғни жүректегі ғылымды.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. Абайдың бұл тұрғыдағы насихат ілімі әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Олжас Керейхан, тілші:

- Білімдіден шыққан сөз. Талаптыға болсын кез. Хәкімнің өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді жазылған тастар бірнеше жыл бұрын орнатылды. Ал абайтанушы ғалымдар хәкімнің ақыл-нақыл сөздері тек тасқа ғана қашаламай, адамзаттың жүрегіне қашалғанда ғана әрбір жан «толық адам» деңгейіне көтерілмек.

Өскемендегі Аманжолов атындағы университетте былтыр ашылған «Абайтану» ғылыми зерттету институты бірқатар іс атқарған. «Абай мен Мұхтар Әуезов арасындағы рухани сабақтастық» тақырыбында докторлық дисертация қорғаған Айжан Қартаева бастаған ұстаздар мектепке арналған «Абайтану» пәні мен «Мұғалім кітабы» деген әдістемелік құрал жазып шықты.

Айжан Қартаева, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Бұл оқу бағдарламасы мен мұғалім кітабы Шығыс Қазақстан облысында «Абайтану орталықтары» ашылды. Сол кабинеттерде тұр. Абайдың «Толық адам» деген ілімімен оқу құралын жаздым. Біздің институтта ең сүбелі үш еңбек болды.

Абайдың 1885 жылы жазған «Қарамола ережесін» зерттеп-зерделенген көлемді монографиясы да жарық көрді. Ғылыми жұмыстың авторы «Қарамола ережесін» қазіргі заңнамалық актлермен салыстыра зерттеген

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор:

- Осы заманға сәйкес нормаларды жеңіл түсінікті тілмен бердік. Әрқайсына жеке тоқталып, билердің шешім шығару институтын, яғни билік құру қара қылды қақ жарған Абай атамыздың биліктерін біздің монографиямызда орын алды.

Хәкімнің 74 баптан тұратын құқықтық негіздемесіне арналған онлайн-семинарға шетелдік ғалымдар да қатысып, пікірін білдірді.

Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов