Әзербайжанда Абайға арналған пошта маркалары таныстырылды

Бакуде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай шығарылған пошта маркалары таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Испаниядағы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бастамасымен жасалған болатын. Маркілерді басып шығарудың басты мақсаты – халықаралық ауқымды аудиторияны Түркі әлемінің көрнекті тұлғасының шығармашылығымен таныстыру, қазақ әдебиеті мен мәдениетін әлемде насихаттау. Іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Сержан Әбдікаримов, қор президенті Гюнай Эфендиева мен ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты. Бұдан бөлек, шара барысында Әзербайжан әртістері Абай өлеңдері мен әндерін шырқады.

Гюнай Эфендиева, халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті:

- Түркі тілдес елдердің бәрінде Абайға деген құрмет өте үлкен. Себебі біздің тамырымыз бір, тарихимыз бір. Әзербайжан президентінің тапсырмасымен ел астанасындағы көшелердің біріне Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Сонымен қатар Бакуде Абай атындағы мәдени орталық та бар. Бауырлас елдердің барлығында Абайға ескерткіш орнатылған.