423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Корея студенттері Абай шығармашылығымен танысты

  • 197
  • UPD: 09:40, 17.08.2021
Оңтүстік Корея студенттері Абай шығармашылығымен танысты

Оңтүстіккореялық студенттер Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атақты қазақ ақынына арналған онлайн дәріс Сеулде өтті. Түркітану институтында өткен іс-шараға хәкім Абайдың шығармашылығын корей тіліне аударған аудармашы, ақын Ким Бён Хака қатысты. Онлайн-дәріс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған іссапарымен орайластырылды. Ал бүгін Сеулдегі кибер университетінде ұлы ақынның құрметіне жасалған ескерткіштің ашылуы өтеді.

Ли Ен Джон, Түркітану институтының қызметкері:    

– Осы дәрістер арқылы қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевпен жақынырақ таныстым. Оның шығармашылығы мен даналығына тәнті болдым. Әсіресе Ескендір поэмасы әсерлі болды. Онда ұлағатты, нақыл сөздер көп екен. 

Хабар 24 телеарнасы