Елордада мәдениет саласы қызметкерлерінің 80%-тен астамы екпе алды

Елордалық мәдениет ұйымдарының қызметкерлері жаппай коронавирусқа қарсы вакцина алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін препараттың алғашқы дозасымен тағы 40 адам егілді. Олардың арасында театр актерлері мен бишілер, филармония әртістері мен музыканттар, сондай-ақ қалалық мәдениет басқармасының қызметкерлері бар. Өнерпаздар вакцинаның екі түрін, яғни ресейлік «Спутник V» және қытайлық Vero Cell екпесінің бірін таңдады.

Айта кетейік, бас шаһарда 14 мәдениет нысаны жұмыс істейді. Қазір мегаполистегі шығармашылық ұжымдардың 80%-тен астамы иммундаудың толық курсынан өтті.

Нұрлан Әлімжанов, қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

- Патша көңілді көрермендер бар. Сондықтан қойылымдарға жету үшін, патша көңілді көрермендермен қауышу үшін небір қайраткерлер бар барлығы екпе алып жатыр. Өзімізден бастайық деп енді соны 100%-ке жеткізу мақсат. Сонда емін-еркін Ashyq-пен жаңа маусымда театрды ашпақпыз.