Оралдық жігіт битбокстен әлем чемпионы атанды

Оралдық Эльдар Ғабдуллин битбокстен АҚШ-та өткен әлем чемпионатында үздік атанды. Отандасымыз үшін онлайн режимде ұйымдастырылған байқауда топ жару оңай болмапты. Интернеттегі ақауларға байланысты өзі орындаған шығарманы бірнеше мәрте қайта жазуға тура келген. Бірақ жеңіске деген жігері алға жетелеген жас ақыры өзін мойындатып, бас жүлдеге лайық деп танылды. Бұл битбокс шеберінің алдағы чемпионаттарда бақ сынауына мүмкіндік береді екен. 

Битбоксинг – бұл дауыс, ауыз бен ерін және тілдің көмегімен түрлі әуендерді шығару өнері. Алғаш рет Америкада пайда болып, кейін басқа құрлықтарға таралған. Эльдар Ғабдуллин битбокспен 2015 жылдан бері айналыса бастапты. Басында өнердің қай түрін таңдасам деп көп ойландым. Кейін дәл осы жанрдың жаныма жақын екеніне көзім жетті, дейді ол.

Эльдар Ғабдуллин, битбокстен әлем чемпионы:

- Теледидардан көрдім бір бэнд сияқты, группа жиналды сосын. Жылдам тутойрл істеп, пп бочка, тц-хлед, тшш хед, соның бәрін жылдам үйреніп алып ойладым осымен айналысып көрейін. 

Эльдардың ешқандай музыкалық білімі жоқ. Дегенмен, үздіксіз ізденістің арқасында жаңа жанрды жылдам меңгерді. Тіс пен тілдің арасынан шығатын түрлі дыбысты бір жүйеге түсіріп, өзіндік ритмикалық бағытын тапты. Әлемдік деңгейдегі битбоксерлерді  мойындатты. Битбокстың елімізде кең тарала қоймағанын ескерсек, жеңістің де оңай келмегені түсінікті.

Эльдар Ғабдуллин, битбокстен әлем чемпионы:

- 5 қазылар алқасы болды. Біріншісі Болгариядан әлем чемпионы 2002 жылдың. Одан соң Франциядан әлем чемпионы болды 2018 жылғы бірақ. Одан соң Люксембургтен, Әзербайжаннан және Ресейден битбоксерлер жиналды. Осы турнир өткен соң, 100 шақты адам бар баттл біткеннен кейін олар менің жеңгенімді білгеннен кейін все біз келесі жылы қатысамыз деп кішкеңе мотивация  жинап.  

Әсет Батыркерей, Э.Ғабдуллиннің досы:

- Хип-хоп мәдениеті, жастар арасында кең таралуда. Эльдар деген Қазақстан өзі дамытуда. Барлық битбокспен айналысатын жастарды жинап Қазақстанның атын өзінше танытып отыр. Бұрыннан бері өзінің кумирлеріне қарап жүрген адамдар, қазір қатарында жүр солардың. Битбокстың қандай пайдасы бар? Мысалы, слухты развивать етеді, чувство ритма, соны развивать етеді. Мысалы, үлкен пайдасы ән жазуға тиді. 

Ендігі жоспар онлайн емес, офлайн баттлда бақ сынау. Қазан айында Польша мемлекетіне баруым керек. Жүлде ретінде тиген 500 доллар оған аздық етеді. Сондықтан «демеушілер табылып жатса артық етпес еді» дейді кейіпкеріміз. 

Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов

Сондай-ақ...