425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Хабар» арнасы көрермендерін жақсы жаңалығымен қуантпақ

  • 206
  • UPD: 14:17, 03.09.2021
«Хабар» арнасы көрермендерін жақсы жаңалығымен қуантпақ

Сенбі және жексенбі күндері «Хабар» телеарнасынан бірнеше жобаның жаңа маусымдағы тұсаукесерлері күтілуде.

Атап айтқанда, 4 қыркүйек сағат 10:00-де «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы; 4 қыркүйек сағат 11:00-де «Әке бақыты» бағдарламасы; 5 қыркүйек сағат 19:30-да «ECO MEKEN» реалити-шоуы және көптен күткен жаңалық – «Келінжан» телехикаясының үшінші маусымы 6 қыркүйек сағат 21:30-да көрерменге жол тартады.

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды-танымдық ойыны эфирге қайта оралады. Республикалық мектептердегі дарынды жастарды біріктіріп, қалың көпшілікке таныстыратын білімділер бәйгесін «Хабар» арнасынан осы сенбі күні тамашалай аласыздар.

«ECO MEKEN» – Қазақстандағы алғашқы экологиялық реалити-шоу. Жобаның мақсаты – экологиялық дүниетанымды кеңінен насихаттап, келешегі зор қатысушыны анықтау. Жоба жеңімпазы 10 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады.

«Әке бақыты» бағдарламасы – жанұядағы әке мен бала арасындағы байланысты айшықтайтын, асқар тау әкелердің рөлін асқақтататын жоба. Халыққа танымал жұлдыздардың әкелік рөліндегі образын көру көрермен үшін қызық болары анық. 

Қалың көрерменнің сүйікті жобасына айналған «Келінжан-3» телехикаясы қазақы тұрмысты, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты әдемі әзілмен, орынды қалжыңмен жеткізеді.  Жаңа кейіпкерлерімен толыққан телетуынды бұрыннан да қызық болатыны күмәнсіз.

Хабар 24 телеарнасы