Мемлекеттік тілді әр ұлт өкілі үйренуге ынта білдіруі тиіс – ҚХА

Мемлекеттік тіл тұғырдан түспес үшін әр ұлт өкілі үйренуге ынта білдіруі тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де бірауыздан мұны қолдайды.

Жолдауда айтылған тіл мәселесі өзекті екенін естен шығармаған. Жиын ұйымдастырылып, Ассамблея мүшелері өз ойларын айтты. Ел Президентінің тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуі құптарлық іс екенін қатысушылар атап өтті.