Өзбекстанда Абай туралы шығарма жазған студенттер арасында көлік ұтысы ойнатылды

Өзбекстанда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына қызығушылық артты.

Былтыр Қазақстанның көрші елдегі Елшілігі мен Түркі Академиясының бастамасымен ойшылдың «Қара сөздері» өзбек тіліне аударылған. Алғашқы 600 дана кітапты ала шапанды ағайын зор ықыласпен қабылдаған. Сұраныс артқандықтан биыл тағы қосымша жинақтар өзбек тілінде басып шығарылады деп жоспарланған. Қазір көрші елде ұлы ойшылдың шығармаларын насихаттау мақсатында өзбек жастары арасында конкурстар жиі өткізіледі. Бұл жөнінде бүгін онлайн форматта өткен «Қазақстан – Өзбекстан: Тәуелсіздік дәуірі» атты халықаралық конференциясы барысында айтылды. 

Серікбай Үсенов, республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы:

- Енді өзбек ағайын осы ЖОО оқып жатқан студенттеріміз сол Абайды тану үшін шығарма жаздырып жатырмыз. Шығармаға жаңағы бірінші орынға Спарк машиналар беріп жатырмыз. Екінші орынға мұздатқыш, үшінші орынға кір жуатын машина. Бұл не үшін беріп жатырмыз? Сол кітапқа деген мейірімін оятсақ, сол кітапқа деген ықыласы болса. Ертең келешек жастар деп жатқан бір уақытта біз соларды бүгін оқытуымыз керек. Ертең кеш болады.