425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

2007 жылы әлемді шарлауға шыққан «Шоқан Уәлиханов» яхтасы елге қайтып оралды

  • 111
  • UPD: 22:00, 09.09.2021
2007 жылы әлемді шарлауға шыққан «Шоқан Уәлиханов» яхтасы елге қайтып оралды

«Шоқан Уәлиханов» яхтасының экипажы жер шарын аралап Ақтауға қайта оралды.

Бұл саяхат сонау 2007 жылдың күзінде басталған болатын. Сол маусымда кеме Атлантиканы кесіп өтеді. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты жоба уақытша тоқтап қалған еді. Төрт жылдан соң саяхат қайта басталады. Еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев яхта командасына тапсырған мемлекеттік ту үш мұхитты кесіп өтіп, Европа, Оңтүстік Америка мемлекеттерінде, Тынық мұхиттағы аралдарда болып енді елге оралды. Жер шарын айналып шыққан еліміздің көк туы мұражайға тапсырылады. Саяхатты Орталық Азиялық География қоғамы ұйымдастырған. Қоғам басшысы Қанат Өскеновтың айтуынша, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған экспедиция еліміздің танылуына септігін тигізген. Өйткені экспедиция мүшелері аялдаған әр айлақта Қазақстанның туын көтеріп, әнұранымызды шырқаған.

Қанат Өскенов, «Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры:

- Экспедицияның мақсаты - бүкіл елге Қазақстанды таныту үшін. Біз ойлап отырмыз, біздің мақсат жақсылап орындалды. Тағы да бізде бір жоба болып жатыр. Неге десеңіз енді үлкендеу бірдеме жасап Гиннестің рекордтар кітабына кіргіміз келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы