425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордадағы Жастар театры жаңа маусымын ашты

  • 125
  • UPD: 10:02, 11.09.2021
Елордадағы Жастар театры жаңа маусымын ашты

Елордадағы Жастар театры 15-мерейтойлық маусымын ашты. Жаңа маусым «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» атты мюзиклмен басталды.

Бұл спектакль Корея мен Түркия елдеріне шақырту алған. Режиссері -театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Театр директорының айтуынша,  жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменді де бей-жай қалдырмайды.  Театр ұжымы бұл жолы да әдеттегідей  сәтті қойылым көрсете білді. 

Әділ Ахметов, жастар театрының директоры:

- Бізде 40-қа жуық спекталь бар. оның әрқайсысы өзіндік орны бар. Көрермен сүйетін спектакль бар немесе фестивальдерде басты рөлді алып жүретін спектакль бар. Түрлі тақырыптарды қамтиды. Әлеуметтік, романтикалық, комедия, мелодрамма, мюзикл, сондай-ақ қаһармандық дастандармыз да бар,балалар спектаклі де  бар. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы